http://tpsa.kz/wp-content/themes/business_theme/js/main-page-scripts.js">
13225215_877717339022189_147648724_o

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен өткізілетін жыл сайынғы Ұлттық инновациялар байқауына өнертапқыштар мен рационализаторларды қатысуға шақырады.

Байқаудың негізгі мақсаты – халықтың инновациялық белсенділігін ынталандыру және инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау.

Байқау 2005 жылдан бері жыл сайын өткізілуде, осы жылдар ішінде елдің әр өңірінен 5000 астам өнертапқыш қатысты.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

– «Орта мектеп оқушылары арасындағы үздік инновациялық жоба»;

– «Студенттер арасындағы үздік инновациялық жоба»;

– «Үздік рационализаторлық ұсыныс».

Сондай-ақ, биыл алғаш рет инновацияның 5 түрі бойынша үздік инновациялық жобалар анықталады. Бұлар процестік, маркетингтік, ұйымдастырушылық, өнімдік және әлеуметтік инновациялар. Өнідірістік процесті, кез келген жұмысты, маркетингтік қызметті өзгерту барысында өнімділік пен экономикалық тиімділік арттырылса, шығындар азайтылып, тұтынушылар санын ұлғайтса – бұл да инновация. Аталмыш номинация бойынша Қазақстан Республикасының 18 бен 40 жас аралығындағы резиденттері қатыса алады. Инновацияның әр түрі бойынша жеңімпаз 500 мың теңге көлеміндегі сыйлыққа ие болады.

Кәсіпкерлер палатасы, салалық қауымдастықтардың, мемлекеттік органдардың, даму институттарының өкілдерінен құралған Байқау комиссиясы  «Үздік бизнес-қамқоршыны» және «Ең инновациялық-белсенді өңірді» анықтайды.

 

Байқаудың жалпы жүлделік қоры 6 000 000 теңгені құрайды.

 

Байқаудың түрлі категорияларындағы қатысушылар үшін қосымша сыйлықтар қарастырылған.

Байқауға қатысу шарттарымен www.natd.gov.kz сайтында танысып, онлайн-өтінімді 2016 жылғы 25 шілдеге дейін тапсыруға болады.

Байқаудың нәтижелері ағымдағы жылдың қыркүйек айында XI Инновациялық конгресте шығарылады.

 

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік (ТДҰА) инновациялық даму процестерін координациялаумен қамтамасыз етуде көмектесу үшін және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін құрылған.

ТДҰА «Байтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіреді.

 

«Технологиялық даму жөніндегі

ұлттық агенттік»  АҚ

баспасөз қызметі

+77172 57 10 14 (245)

+7701 328 38 98