http://tpsa.kz/wp-content/themes/business_theme/js/main-page-scripts.js">

Қазіргі сәтте Технопарк  Қарағанды қ. Құрылысшылар даңғылы, 4 мекенжайындағы  жалпы алаңы 3 311 ш.м. ғимаратта  орналасқан (ғимарат Серіктестіктің меншігінде тұр).

Технопарк ғимаратының инфрақұрылымына:

•Офистік жайлар

•Телефон байланысы мен    Internet

Қарағанды өңірінде Металлургия-метал өндеу кластерін жүзеге асыру аясында  технопаркпен ҒЗИ және жоғары оқу орындарының зертханаларымен бірлесіп ғылыми мақсатта пайдаланатын заманауи микроқұрылымдық талдау зертханасы құрылған  және жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта ол  сынама дайындау бойынша  қазіргі заманғы жабдықпен  және минералогиялық және металлографиялық талдау жүргізу үшін және сусымалы материалдармен жұмыс істеу үшін микроскоптармен жабдықталған.

Жұмыс барысында зертхана кендердің құрылымын,түйіршіктілігін, түсті, қара, сирек металдардың концентраттарын сапалы талдау, метал бұйымдарының сапасын бақылау, металдар мен қорытпалардың құрамын, құрылымын және қосылған микроқоспаларды  анықтау бойынша ғылымды көп қажетсінетін қызметтерді көрсетеді.

Технопаркте Құю өндірісін дайындаудың сандық технологиялар кешені құрылған.  Инжиниринг қызметтері «Көліктік машина жасау конструкторлық бюросы» ЖШС-пен бірлесіп көрсетіледі.

Құю өндірісін дайындаудың сандық технологиялар кешені келесі жабдықты қамтиды:

  1. АTOS II XL цифрлаудың оптикалық жүйесі;

 

1

2

3

 

2.   Voxeljet VX500 үшөлшемді принтер;

4

3. ProMetal S15 құм қоспасын селективті қатайту жүйесі.

5