http://tpsa.kz/wp-content/themes/business_theme/js/main-page-scripts.js">
ТОМ-1 жылуалмастыру модульдерін және ТОМ-2 бу қазандарын өндіру Үлкен жылу алу алаңын және жоғары ПӘК-ке жетуді қамтамасыз етуге мумкіндік беретін жылу алу элементтерінің жаңадай орналасуы.

Жылу беру мусымы ішіндегі отын экономиясы 40% кем емес.

Тау кен, металлургиялық, техногендік материалдарды байыту үшін техникалық құжаттаманы әзірлеу Концентрат қосымша операцияны (кептіруді) талап етпейді;

Белсенді беті 50-ден 100 мкм дейін (дән жақсырақ ашылады), сол арқылы концентратқа пайдалы компоненттерді көбірек алу қамтамасыз етіледі;

Түрлі реагенттерді қосу қажеттілігінің болмауы;

Электр энергиясын 2 есе үнемдеу;

Сокращение запыленности воздуха, так как пыль практически полностью удерживается электрическим полем внутри сепаратора. Шаң толығымен электр өрісімен сепаратордың ішінде ұсталатындықтан, әуенің шаңдануы азаяды

ПрофессорР.С.Әлімханованың

ортопедиялық клиникасы

Ортопедиялық патологияны емдеудің жоғары тиімділігі;

Емдеу мерзімін 2 есе қысқарту.

Толық сауығуды қамтамасыз ету

Толық алып тасталады:

Емдеудің оперативті әдістері және консервативті емдеудің барлық дәстүрлі әдістері;

Ұзақмерзімді қымбат стационарлық емдеу;

Гипс таңғыштарды қолдану;

Асқыну және түрін өзгерту рецидивтері;

Балалардың мүгедектігі.

Ірі габаритті автошиналарды оларды сегменттерге кесу жолымен кәдеге жарату – Резенкені қайталама өндеу

– Станоктың ұтқырлығы

– Станоктың өнімділігі күніне 5 тонна

– Станоктың толық автономиялы жұмысы

Дәннің ылғалдылығын өлшеуге арналған отандық аспаптардың сериялық өндірісін құру Инновациялығы – сезгіштігі бойынша шетелдік аналогтардан асып түсетін нанокеуекті керамика негізінде ылғалдылық құрылғысы (сенсор) синтезінің технологиясы әзірленген
Инсульттің пайда болу ықтималдығының болжамы инновациялығы –«InRisk» компьютерлік бағдарламасы зертханалық және клиникалық-инструменталдық зерттеулерге сүйене отыра, пациентте ми инсультінің пайда болу мүмкіндігін айқындайды.
Биогазды, органикалық тынайтқыштарды, жылу және электр энергиясын өндіруге арналған модульді қондырғы Осы қондырғы түрлерінің қуаттылық қатары икемділеу болады, ол Қазақстанның климаттық және шикізаттық жағдайларына бейімделген. Жоба модульді биогазды қондырғыларды жасауды болжайды, бұл дәстүрлі биогазды қондырғыларға қарағанда, монтажды, іске қосуды және қызмет көрсетуді едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді. Қарағанды агротехникалық колледждің базасында өнеркәсіптік түптұлғаны құру процесінде биоқондырғыларға қызмет көрсету жөніндегі мамандарды даярлау жүргізілуде.
Кең бейінді аэроионды аспаптарды өндіру аэроионды аспап әуені түрлі зиянды қоспалардан тазартуға және теріс аэроиондармен байытуға арналған.

Аэроионды аспаптарды қолдану көптеген ауруларды емдеуге мүкіндік туғызады: жүрек-қан тамырларының аурулары, гипертония ауруы, стенокардия, бронхоэктатикалық ауру, туберкулездің бастапқы кезеңі, жоғарғы тыныс жолдарының аурулары, заболевания верхних дыхательных путей, баспа ауруы, жүйке жүйесінің аурулары, тез шаршағыштық, кейігіштік, төмендеген зейін және басқалар

Сұйық ортаны ПӘК жоғары экологиялық таза гидродинамикалық жылытқыштар (ГДЖ) Кавитация әмерін пайдаланумен оның ішінде жүрген үйірілген ағымның энергисын сұйықтың қысымымен жылу энергиясына айналдыру
ASTM стандарты бойынша мыс құбырлар өндірісін ұйымдастыру Диаметрі 6 -дан 46 мм дейін мыс құбырлары тоңазытқыш жабдықтарда және кондиционерлерде, автомобильге арналған тежеуішжүйелерде және түтіктерде, конденсаторларда және жылуалмастырғыштарда, электрстанцияларда және мұнай өндіру зауыттарында, медицинада, сұйықтар мен майлайтын материалдардың айналу жүйесінде, үйдегі сумен жабдықтауында, сантехникалық және өртке қарсы жүйелерінде, жеке және көп пәтерлі үйлердің газ құбырларында пайдаланылады.
Электргидравликалық жылу сорғысы негізіндегі экологиялықтаза үнемді үй-жайларды жылыту жүйесі – қондырғының энергияны айналдыру коэффициенті 10-15 бірлікке жетеді;

– Қондырғы автономдыжәне кернеуі 220В ауыспалы ток желісінен жұмыс істейді, бұдан басқа, күн энергиясы есебінен жұмыс істей алады;

– Қондырғыны жасау жеңіл, өйткені қымбат жабдық пен материалдар қажет емес.

Қолдану саласы:

ЭГЖСқондырғысын түрлі мақсаттағы үй-жайларда қолдануға болады: тұрғын үйлерде, ауруханаларда, балабақшалар мен мектептерде, мемлекеттік мекемелерде, шағын және орта шаруа қожалықтарында, сондай-ақ, өндірістік объектілерде.

Тотықтырған көмірлердің гуматтары және мал шаруашылығының қалдықтары негізінде ылғалұстау және өсімін ынталандыру функцияларымен органикалық-минеральных тынайтқыштарды өндіру Экологиялық таза органикалық тынайтқышты өндіру – өнімді 10-15% кем емес арттыру мүмкіндігі бар   биоынталандырғыш

ОМТ кез келген топыраққа өндіруге болады. Тынайтқыштағы кез келген элементтің немесе заттың құрамын, сондай ақ pH тапсырыс берушінің қалауынша жоғарылатуға немесе төмендетуге болады. Тынайтқыштардың осындай құрамы кез келген өсімдіктерге енгізуге, түрлі елдерге экспортқа жіберуге, Қазақстанда көтерме сатуға   жарайды

Қарағанды көмір бассейнінің жоғары калориялық көмірлерінен арнайы кокс шығарумен экологиялық таза, қалдықсыз, үнемді жылу энергиясын өндіру Жобаның мақсаты:

Ферромарганец қорытпаларын, түсті металлургияны өндірген кезде металлургия үшін, кальций карбидін, минералды тынайтқыштарды өндірген кезде тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы үшін термококстан брикеттерді немесе бәлішті алудың технологиялық тізбекшесін құру.

Шығаруға жоспарланатын негізгі өнім түрлері жылу энергиясы және түтінсіз отын болып табылады.

Экологиялық таза және ылғалды дарымайтын байланыстырушы негізінде аранйы кокс брикетін шығару келесі мақсаттарға жетуді болжайды:

– арнайы кокстың механикалық төзімділігін арттыру, бұл оны металлургия өнеркәсібінде пайдалануға аса маңызды;

– арнайы коксты ылғалдылыққа төзімді материал ретінде ашық аспан астында сақтау және тасымалдау кезінде оның сақталу сапасын арттыру;

– арнайы кокстың экологиялық таза, түтінсіз отын ретінде тауарлық түрін сапалы арттыру

Тау- кен, автомобиль, лак және бояу жасау өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және ауыл шаруашылығы үшін қанықпаған полиэфирлі шайырлардың біріккен полимерлерін өндіру қанықпаған полиэфирлі шайырды өндіру технологиясы оны алуға энергия шығысын төмендетуге, жылдамдылығын ұлғайтуға және өндірістік циклді қысқартуға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталғандар арқылы дайын өнімнің өзіндік құны едәуір төмендейді
Төмен қысымды вакуумды радиатор Жобаның мақсаты:

жайларды жылытуға энергияның шығысын қысқарту үшін тиімді жылу тасығышы бар төмен қысымды конвективті электржылытқышты коммерцияландыру және ТҮКШ жылумен жабдықтау жүйесіне енгізу.

Әзірлеменің жаңалығы:

– электржылытқыш аспаптың принципті тұрғыдан жаңа электржылытқыш аспаптың конструкциясы;

– энергияны үнемдеу және ТҮКШ объектілерін жылыту проблемаларын шешудегі жаңа көзқарас;

– төмен қысымдыэлектр радиатордың конструкциясы ҚР №25691инновациялық патентімен қорғалған;

– жылумен жабдықтау жүйесінде құбарлардың, айналма сорғылардың және сұйық жылу тасығыштың болмауы.

«ИПСИЛ» жем қоспасының өндірісін ұйымдастыру Жобаның мақсаты :

Күріш өндірісінің қалдықтарын – күріш қабығын – кәдеге жаратумен жоғары тиімді жем қоспасының жаңа өндірісін құру.

Әзірлеменің жаңалығы:

– шикізат ретінде күріш өндеуші кәсіпорындардың қалдықтары (күріш қабығы) пайдаланылады;

– құрамында аморфты кремнезем мен аморфты көміртегі бар;

– Ипсил жем қоспасын малдардың азық рационына енгізу құрама жемнің нәрлі заттарын сіңіруді жоғарылатады, мал өлімін, әсіресе жас кезінде, қысқартады, диспепсия пайда болуыналдын алады, организмнен метаболизмнің уытты және зиянды өнімдерін шығарады;

– Ипсил ашық көрінетін бактерицидті және фунгицидтті белсенділікке ие, оның құрамында канцерогенді заттар жоқ, сондықтан оны медицинада және ауыл шаруашылығында антисептик ретінде пайдалануға болады.

ТАИРГ-М тасымалды шахталық жоғары технологиялық газ шығысынөлшеуішті өндіру Жобаның мақсаты:

Көмір мен газды кенет шығарылуына бейімді аса қауіпті қабаттарды өндіретін көмір шахталарын жабдықтау үшін   ТАИРГ-М аспапты өндіру

Әзірлеменің жаңалығы:

ТАИРГ-М бұрынғы КСРО көмір шахталарында қолданылған механикалық қысым өлшеуіштерді ауыстыруға мүмкіндік береді, сигналдарды электронды-цифрлық өндеу есебінен нәтижелердің әділдігін және ақпараттылығын, оларды есте сақтауды және алынған нәтижелерді уақыт бойынша және бақылу шпурлардың тереңдігі бойынша салыстыруды қамтамасыз етеді.

Органминералды және органикалық гуминді тынайтқыштар өндірісін ұйымдастыру Органминералдыгуминді тынайтқыштарды алу технологиясы минералды тынайтқыштармен (микро- және

макроэлементтер) бір кешенде   тынайтқыштардың түрлі композицияларын жасау үшін  тотықтырылған көмірлердің гуминді заттарын қолдануды болжайды.

Жоба Қарағанды облысының Шұбаркөл, Майкөбен, Кузнецк және т.б. кен орындарының көмір өндіру қалдықтарын   негізгі шикізат ретінде пайдалануды қарастырады.

Технология қалдықсыз, экологиялық қауіпсіз және бағытталған әрекеттің түрлі композицияларын құруға мүмкіндік береді (әмбебап, көкөніс, қызылша, көгалдық, қылқанжапырақ, гүл және басқалар).