http://tpsa.kz/wp-content/themes/business_theme/js/main-page-scripts.js">

Коммерцияландыру – бұл коммерциялық әсер ала отырып, нарыққа жаңа немесе жақсартылған өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді немесе процестерді шығару мақсатында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін практикада пайдалануға байланысты процесс.
Ол, әдетте, ғылыми зерттеулер негізінен аяқталған жерде және коммерциялық тұтынушылар үшін құндылығы бар қасиеттер мен артылықшылықтарға ие нақты айқындалған өнім немесе көрсетілетін қызмет бар жерде басталады. Коммерцияландыру өнім ойдағыдай нарыққа шығарылғанда – жалпы алғанда, шығынсыз шекке жеткенде, яғни сатудан түсетін кіріс операциялық шығыстардан асқан жағдайда аяқталады.
Бұл ретте, коммерцияландыру мынадай негізгі үш нысанда болуы мүмкін:
• Технологияны коммерциялық пайдалану үшін жаңа бизнес-жобаны іске қосу,
• Технологияны пайдалуға арналған лицензияны әрекет ететін бизнеске сату,
• Техникалық консультация беруді, талдамалық және сараптамалық қызметтерді, сондай-ақ келісімшарттар бойынша зерттеулерді қоса алғанда, қызметтерді ұсыну арқылы технологияны пайдалану.

Қазіргі таңда «Сары-Арқа технопаркі» ЖШС-нде Өңірлік коммерцияландыру орталығы (бұдан әрі – ӨКО) ұйымдастырылып, жұмыс істейді. ӨКО Технопарк ғимаратында орналасқан, Строительдер көшесі 4, 4-қабатта, 408-кабинет.

Орталықты құру мақсаты

– өңірдегі технологияларды коммерцияландыру жүйесін ілгері жылжытуға және дамытуға қолдау көрсету.

Орталықтың міндеттері болып табылады:

• өңірдің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері мен жекеше кәсіпкерлік субъектілерінің технологияларды коммерцияландыру саласындағы өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
• өңірлік ауқымда коммерцияландыру үшін технологияларды іздестіруді жүзеге асыру және бағалау, технологиялар мен жобаларды іздестіру бойынша Тапсырыс берушінің өкілі/үйлестірушісі ретінде өкілдік ету;
• маркетингтік зерттеулерді жүргізуде жәрдем көрсету және қажет болған жағдайда маркетингтік зерттеулерді жүргізу;
• зияткерлік меншікті қорғау саласында консультациялық қызметтер көрсету;
• коммерцияландыру стратегиясын әзірлеуде жәрдем көрсету және әзірлеушілерді ескере отырып, технологияларды коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу;
• Тапсырыс беруші ұйымдастырған оқыту семинарларын, тренингтерді, курстарды ұйымдастыруда және өткізуде жәрдем көрсету;
• өтініш берушілерге және әлеуетті әріптестерге технологияларды коммерцияландыруға арналған гранттарды беру, гранттарға өтінімдерді ресімдеу мәселелері бойынша консультация беру, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың басқа да құралдарын ұсыну шарттары, нысандары мен тетіктері жөнінде ақпарат беру;
• көрмелерге, форумдарға және басқа да іс-шараларға қатысу үшін инновациялық жобалар мен технологиялар бойынша тұсаукесер материалдарын, ақпараттық және басқа да қажетті материалдарды дайындауға қатысу;
• коммерцияландыру үшін перспективалы технологиялар мен жобаларды анықтау және іріктеу мақсатында инновациялық бағыттағы өңірлік жәрмеңкелерге, көрмелерге, семинарларға және конференцияларға қатысу.

ӨКО:

• ғылыми және зерттеу нәтижелерінің коммерциялық мүмкіндіктерін айқындауда,
• алынған ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру жолдарын әзірлеуде,
• әзірлемені жекеше инвестор үшін тартымды түрге дейін жеткізу үшін инвестициялар тартуда;
• зияткерлік меншікті қорғау мәселелерінде;
• ғылыми және зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруға ықпал ететін халықаралық бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктерінде жәрдем көрсетеді.

ӨКО қызметкерлері ғалымдар мен өнертапқыштарға мынадай мәселелерді шешуге көмектеседі:

• Қайсысы тиімдірек: патентті сату ма әлде жеке өндірісті ұйымдастыру ма?
• Өнімді өндіріп, сатқан дұрыс па немесе қызметтер көрсеткен дұрыс па?
• Нарыққа көрсетілетін қызметтер кешенін жеткізген дұрыс па немесе белгілі бір бөлігін кәсіпқойларға/басқа топқа берген дұрыс па?
• Өндірісті қай жерде ұйымдастырған жөн – өз жұмыс орнында ма немесе тұтынушыға жақынырақ жерде ме?
• Болашақ пайда қазір жұмсалған шығындардың орнын толтыра ма?
• Зияткерлік меншікті қалайша қорғаған дұрысырақ: «байқап көр де, істеп көр» режимінде ме, «ноу-хау» режимінде ме немесе патент беру режимінде ме?
• Инвесторды тарту қажет пе және осыны өнімді дамытудың қандай кезеңінде істеген жөн?
• Топтағы функцияларды қалайша бөлген жөн?

ӨКО көрсететін қызметтер:

– жаңашылдарды инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жөнінде ақпараттық қамтамасыз ету;
– тұжырымдаманы негіздеу, жобаларды «орау», «ТДҰА» АҚ ииновациялық гранттарына өтінімдерді ресімдеу;
– зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы консультациялық қызметтер;
– инновациялық жобаларды қазақстандық және әлемдік нарықтарда ілгері жылжыту;
– инновациялық өнімдерді өндіру жөніндегі шағын старт-аптарды іске қосуда жәрдемдесу.

Инновациялық жобаны ілгері жылжыту бойынша ӨКО көрсететін қызметтер тізбесіне:

– буклет дизайнын әзірлеу және оны басып шығару;
– жоба бойынша тұсаукесер материалын әзірлеу;
– әртүрлі сайттарда жоба бойынша ақпаратты орналастыру;
– жоба бойынша инновациялық көрмелерге, форумдарға, семинарларға қатысу;
– әлеуетті инвесторлармен іскерлік кездесулер ұйымдастыру;
– әртүрлі іс-шараларда жобаның тұсаукесерін өткізу;
– коммерцияландыру жөніндегі әртүрлі конкурстарға өтінімдерді ресімдеу бойынша үйлестіру;
– әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізу кіреді.

Бизнестің сұрау салулары бойынша коммерцияландыру
үшін инновациялық технологияларды іздестіру және бағалау

Ғылым мен бизнес арасындағы Жаңашылдарды инновациялық қызметті байланыстарды дамыту мемлекеттік қолдау жөнінде ақпараттық қамтамасыз ету

Инновациялық жобаларды қазақстандық Тұжырымдаманы негіздеу, жобаларды «орау»,
және әлемдік нарықтарда ілгері жылжыту ииновациялық гранттарға өтінімдерді ресімдеу

Зияткерлік меншікті қорғау саласында консультациялық қызметтер көрсету