http://tpsa.kz/wp-content/themes/business_theme/js/main-page-scripts.js">

Құрметті инноваторлар!

Қазіргі уақытта Қазақстандағы инновациялық белсенділікті және экономикалық дамуды арттыру мақсатында инновацияларды мемлекеттік қолдау құралдарының кең желісі ұсынылған. Олардың арасында инновациялық гранттарды беру ерекше орынға ие, онда инновациялық гранттарды беру жөніндегі оператордың функциясын «ТДҰА» АҚ орындайды.
Инновациялық грант — индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық гранттар ұсынудың басым бағыттары шеңберінде олардың индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты.
Атап айтқанда, біздің технопарк гранттың 9 түрін алуда ақысыз жәрдем көрсетеді.

Гранттың 3 түрі ғалымдар мен ииноваторлар үшін:
– Патент беруге арналған грант
– Коммерцияландыруға арналған грант
– Дамудың бастапқы кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға арналған грант

Гранттың 6 түрі жұмыс істеп тұрған инновациялық компаниялар үшін, оның ішінде:
– Өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге арналған грант
– Технологияларды сатып алуға арналған грант
– Инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін шетелде арттыруға арналған грант
– Біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тартуға арналған грант
– Консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға арналған грант
– Басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге арналған грант

Қазіргі таңда инновациялық гранттар ҚР-дағы инновацияларды жасау мен енгізудің бүкіл тізбегін қамтыған және мынадай артықшылықтарды қамтиды:
– барлық инновациялық гранттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 800 қаулысымен бекітілген, Үкімет айқындайтын басым бағыттар шеңберінде беріледі.
– мемлекет инновациялық гранттарды қоса қаржыландыру шарттарында береді және жобаны іске асыру шығындарын өтейді, бұл өтініш берушілердің жобаны ойдағыдай іске асыру жауапкершілігін арттырады, бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылмауының ықтималдылығын азайтады.
– өтінімдерді бағалау үшін тәуелсіз шетелдік сарапшыларды тарту міндеті заңнамалық деңгейде бекітілген.
– егер бұрын өтінімдер конкурстың басталғаны туралы жарнама жарияланғаннан кейін бір айы ішінде жылына бір рет қабылданған болса, қазір өтінімдерді қабылдау тұрақты негізде жүргізіледі.
– гранттарды беру процесі алғашқы рет бюджет жылымен қатаң түрде байланысты емес және грант алушыларға 31 желтоқсанға дейін берілмеген қаражат келесі жылға ауысады, осыған байланысты гранттық бағдарламаны қаржыландыру үзілмейді және жылына 12 ай бойы жүзеге асырылады.

Инновациялық гранттар жөніндегі ақпараттық буклетті жүктеу.

Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар:

Жоғары технологиялық өнім тізбесі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 799 қаулысы

Инновациялық гранттар үшін басым бағыттар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 800 қаулысы

Инновациялық гранттарды беру қағидалары:

Шет елде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық гранттар беру қағидалары – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 тамыздағы № 1035 қаулысы

Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидалары – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 тамыздағы № 1036 қаулысы

Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидалары – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 тамыздағы № 1037 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1035, № 1036 және № 1037 қаулыларындағы өзгерістер.