«Сары-Арқа технопаркі» ЖШС ҚР Үкіметінің 01.03.04 жылғы № 256 қаулысына сәйкес құрылды. Серіктестікке қатысушылар жалпы жиналысының 2012 жылғы 18 қазандағы Хаттамасына сәйкес «UniScienTech технопаркі» ЖШС-ның атауы ресми түрде «Сары-Арқа технопаркі» ЖШС болып өзгертілді (әділет органдарында тіркелді).
Серіктестікке қатысушылар:
1. «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ («ИТТО» АҚ үлесі «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның сенімгерлік басқаруында);
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ инновациялық даму процестерін үйлестіруді қамтамасыз етуде жәрдемдесу және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін құрылған.
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ сайтының мекенжайы: http://www.natd.gov.kz
2. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ – бұл – Акционерлік қоғам нысанында құрылған, мемлекеттік және жекеше секторларды шоғырландыру арқылы Қарағанды облысының экономикалық дамуына жәрдемдесуге бағытталған ұлттық компания.
«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ сайтының мекенжайы: http://www.spk-saryarka.kz/
Технопарк миссиясы
– жаңа инновациялық кәсіпорындарды құру мен дамытуды жан-жақты қолдаудың тиімді тетігін енгізу арқылы өңірдегі инновациялық қызметті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.
Технопарк қызметінің мақсаты
– технопаркті инновациялық қызметті қолдау мен дамытудың бірыңғай алаңы – өңірлік орталығы ретінде құру және дамыту
Технопарк міндеттері
1) технологиялық бизнес-инкубациялау жөніндегі шаралар кешенін ұсыну;
2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік қолдау шараларын беруді және олардың алуын ұйымдастыруда жәрдем көрсету;
3) жарақтандырылған, оның ішінде байланыс және кеңсе техникасымен жарақтандырылған жұмыс орындарын, кеңсе үй-жайларын, келіссөздер мен тұсаукесерлер өткізуге арналған аймақтарды уақытша пайдалануға беру;
4) оқыту семинарларын, тренингтерді, курстар мен консультацияларды ұйымдастыру және өткізу;
5) индустриялық-инновациялық жобаларды қабылдауға, іріктеуге, қалыптастыруға, сондай-ақ оларды қолдауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
6) инжинирингтік қызметтерді ұсыну, оның ішінде зертханалық кешендердің үй-жайлары мен жабдығын пайдалануға беру;
7) консультациялық, талдамалық, әдіснамалық және ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
8) технологиялар трансфертінде жәрдем көрсету;
9) отандық және шетелдік технологияларды коммерцияландыруда жәрдем көрсету;
10) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықта жәрдем көрсету;
11) индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін инвестициялар тартуда жәрдем көрсету;
12) индустриялық-инновациялық жобаларды басқаруда және ілгері жылжытуда жәрдем көрсету;
13) негізгі қызметі индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру болып табылатын заңды тұлғаларды құруда жәрдемдесу және/немесе соған қатысу;
14) индустриялық-инновациялық жобалардың ғылыми-техникалық, технологиялық, экономикалық, маркетингтік сараптамасын ұйымдастыру және өткізу;
15) ғылыми, ғылыми-техникалық және индустриялық-инновациялық қызметті жүзеге асыру, оның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды іске асыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу;
16) қызметтің заңнамада тыйым салынбаған басқа да түрлері.