негізгі мақсаты: жобаны жүзеге асыру мақсаты жаңа түрдегі жылыту қазандарын өнеркәсіптік өндіру және өткізу, алғашқы атауы «Жылуалмастырғыш модуль».
Жобаның ерекшелігі: алаңы 200-ден 10 000 ш.м. дейін өндірістік және өндірістік емес жайларды жылытуға арналған жылуалмастырғыш мобульдерді өнеркәсіптік өндіру.
Осы қазанның жаңалығы жылу алу алаңын едәуір ұлғайтуды және оның салдарынан жоғары ПӘК жетуді қамтамасыз етуге жол беретін жылу алу элементтерінің түбегейлі жаңадан орналасуында, сондай-ақ бәсекелестік пайдалану сипаттамасында. Бұдан басқа, аналогтармен салыстырғанда дайын өнімнің өзіндік құны төмен. Қуаттылығы 500 КВТ (жылыту алаңы 5000 ш.м.) қолданыстағы пайдаланылатын үлгі екі еседен аса отынды үнемдеу берді.
Оның жеңіл инсталяциясы, жағылатын көмірді үнемдеу, оның жұмысын тұрақты бақылау қажеттілігінің болмауы (көмір тәулігіне екі рет жүктеледі), электр энергияны аз тұтыну есебінен, осы бұйымды өнеркәсіптік өндіру кез келген меншік нысанындағы шаруашылық субъектілерінің қысқы мерзімде жылытуға шығындарды кемінде 40% және одан да көп үнемдеуге мүмкіндік береді.