https://tpsa.kz/wp-content/themes/business_theme/js/main-page-scripts.js">

Негізгі мақсаты: диаметрі бір жарым метрден асатын ірі габаритті шиналарды кесу жолымен кәдеге жарату жөніндегі жаңатипті өнеркәсіптік станокты жасау .
Жобаның ерекшелігі:
– резенкені экологиялық таза қайталама өндеу;
– станоктың ұтқырлығы;
– станоктың өнімділігі күніне 5 тонна;
– станоктың толық автономды жұмысы.

Осы станоктың жаңашылығы тұрақты сапалы кесуді қамтамасыз ететін екі жылжымалы және екі жылжымайтын суарылған кесетін пышақтардың орналасуында, станоктың пышақ жүздері үш метрге дейін жететін отырғызу тоғынындағы қалың борттық сымымен бүтін шиналарды ені 100-ден 1000 мм дейінгі ұсақ сегменттерге кесуге мүмкіндік береді. Пышақ жүздерінің пішіні тік бұрышты және көлемдері бірдей, олар мұқалту қиын және қажет болған жағдайда қайрау жеңіл. Суарылған кесетін пышақтармен ұсақ сегменттерге кесу газбен, ағаш тілу құралымен және дискімен кесу сияқты өзге бөлу операцияларымен салыстырғанда ең өнімді процес болып табылады.
Станок ұтқыр және оны тасымалдау жеңіл, бұл оны электр жоқ жердегі ірі габаритті шиналар жинағын қайта өндеу үшін ешқандай кедергісіз тасымалдауға мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда қосымша энергия көздерісіз жұмыс істей алады, бірақ базалық орындауында май-станциясы толық жүктемесіз жұмыс істейтіндіктен, төмен энергиятұтынушылықпен жабдықталады, бұл жұмыста өте үнемді және ыңғайлы, шуылы төмен, ISO талаптарына сәйкес келетін сенімді қауіпсіздік жүйесі. Конструкциясы мықты және беріктік қоры мол, бір адам қызмет көрсетеді.
Осы станоктың өнеркәсіптік өндірісі станоктың пышақ жүздері, бұйымның төмен құны және оның ұтқырлығы есебінен ірі габаритті автошиналарды кәдеге жаратуға жұмсалған шығындарды едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.